БАҚтан бағын тапқандар! Бүгін 28 маусым БАҚ қызметкерлері күні. Ақпарат таратуда уақытпен санаспай, тәулікпен таласпай жүрген сала мамандарын облыс әкімі құттықтады. Қалтқысыз қызметте жүрген бірқатар үздіктерге Ақпарат саласының үздігі, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ, құрмет грамотасы сынды марапат табыстады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.