Баяғы жартас бір жартас… Мектептерде ата- аналардан ақша жинау азаймай тұр. Жаңа оқу жылында тіпті жаңа желеулер пайда болған. Санитарлық қорғаныш заттарына қаржы сұрату белең алыпты. Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың төрағалығымен өткен кеңесте ашық айтылды. Жиында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мамандары жүргізген сауалнамалар қорытындысы жарияланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.