Мұнан былай балабақшаларда 20 минуттық сабақтың орнына ойын және коммуникация әдістемесі енгізіледі. Үкімет отырысында елдің бас мұғалімі осындай жоспарымен бөлісті. Асхат Аймағамбетов: осыған дейін кішкентай балаларға мектептегі сияқты кестеге сәйкес 20 минуттық сабақтар жүргізіліп келген. Енді жаңа модель бойынша педагог оқыту мен тәрбиелеуді баланың бақшаға келген тұсынан бастап, осы жастағы балалардың физиологиялық және психологиялық қажеттіліктері бойынша ойын және коммуникациялар арқылы арнайы әдістемемен іске асырады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.