Бүлдіршін-қолөнершілер өздері жасаған бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынып, сән үлгісін көрсетті. Дефиле Іле ауданындағы балалар өнер орталығы қабырғасында өтті. Кішкентай сәнқойлар тоқыма өнерін жетік меңгерген. Бүгінде киім-кешектерден бөлек, тұрмысқа қажетті заттар мен заманауи сөмкелерді тоқиды. Ілмекті серік еткен жеткіншектердің кешіне тілшіміз куә болып қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.