– Бар мейірім – балаға. Осындай атаумен облыстық С.Сейфуллин атындағы кітапханада іс-шара өтті.
– Балаларға бақыт сыйлайық. Бүгін Балаларды қорғау күніне орай аз қамтылған отбасының 17 баласы үшін қайырымдылық акциясы өткізілді.
– Мен таланттымын. Текелі қаласында осындай атаумен байқау өтті. Шығармашылық жарысты “Қоғамдық келісім” мекемесі бүгінгі мерекеге орай ұйымдастырды.
– Германияда ана мен әкені ұлықтауға арналған мейрам бар. Ол 100 жылдан бері тойланып келеді. Осыған байланысты Жетісу өңірін мекендеген неміс ұлтының өкілдері Талдықорғандағы неміс үйінде бас қосты.