Алаңсыз өмірдің астаң-кестеңі шыққан ауыр күндерді еске түсіру Сәрсенбай ақсақал үшін оңай емес. Ардагер бозым шағында әскерге шақыртылғаннан кейін, Аягөз қаласында, кейіннен Түркменстанда арнайы курстан өтеді. Сержант, старшина шенін алады. Аз уақыттан соң даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлымен кездесіп, қаруласына айналады. Қарт майдангерге соғыстың басты қаруы саналған катюша сеніп тапсырылған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.