Мемлекет басшысы биыл “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялаған белгілі. Бұл бастама аясында Жетісу өңірінде межелі мерзімде ауқымды жұмыстар атқарылған. Осыған орай облыс әкімі ел игілігі жолында адал еңбек еткен бірқатар азаматтармен кездесті. Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық және өнеркісіптік дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, мемлекеттік наградалармен марапаттады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.





