Жетісу облысы 2022 жылды табысты аяқтады. Республика бойынша агро-өнеркәсіптік аймақ алдыңғы төрттікте. Бұл жетістіктерде Ескелділіктердің де үлесі бар. Бүгін Жетісу облысының әкімі аудан жұртшылығын көктемнің алғашқы күнімен құттықтады. Алғысын айтты. Жақсы жаңалықтарына қуанды. Мәселен, ауданда 120 пәтерлі қос үй салынып жатыр. Алғашқысы наурызда ел игілігіне өтеді. Сондай-ақ, ортақ мақсат-мүдде, проблемаларды талқылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






