Жетісу облысының әкімі мемлекеттік қызметшілермен кездесіп дәріс оқыды. Шара Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық департаментінің ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр. Бұл Бейбіт Исабаевтың жас мемлекеттік қызметшілермен алғашқы кездесуі. Жиында президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан әділетті қоғам, адал азамат жайлы ұсыныстары да кеңінен түсіндірілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.