Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Оңтүстік Корея Республикасының Алматыдағы бас консулымен кездесті. Қос тарап аграрлық, транзиттік, туристтік әлеуеттерді талқылады. Меморандум аясында алда түрлі инвестициялық жобалар жүзеге асатынын алға тартты. Жалпы, өңірде 10 000 ға жуық корей ұлтының өкілдері тұрады. Мәдени орталықтар, шығармашылық ұжымдар мен арнайы сыныптар жұмыс істейді. Жиында сөз бастаған Бейбіт Исабаев Жетісудың аграрлы аймақ екенін атап өтті. Мұнда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 68 % қайта өңделеді. Осылайша, бас консул Ха Тэ Ук мырза смарт фермаларды салуға қызығушылық білдірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.