Өңірде 500 шақырымдық Талдықорған-Үшарал және Үшарал-Достық жолдары салынды. Сонымен қатар Сарыөзек-Қорғас бағытындағы жалпы ұзындығы 248 шақырым болатын күре жол жөнделді. Бұл жобаға 41 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде облыстағы Республикалық маңызы бар тас жол толық жаңартылып отыр. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Панфилов ауданына жұмыс сапарымен барғанда мәлімдеді. Сонымен қатар Бейбіт Исабаев жергілікті тұрғындарымен кездесті. Өңірдің даму барысы туралы баяндап, ауданның алдағы міндеттерін белгіледі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






