Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Текелі қаласының тұрғындарымен кездесті. Бірқатар азаматты жеке мәселесі бойынша қабылдады. Айта кетейік, соңғы жылдары моноқаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Нәтижесінде ауыз су, жылумен жабдықтау, газдандыру, сол сияқты апатты үйлер мәселесіне қатысты көп жылдық проблемалар шешіліп келеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.