Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы драма театрында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, өңірдің нәзік жандыларын айтулы мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында облыстың аудан-қалаларынан келген әр түрлі салада еңбек етіп жүрген бірқатар әйелдерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






