Бейбіт Исабаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті 36-шы сессиясы өтті. Күн тәртібінде мәслихаттың аймақтың 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Сондай-ақ өңірдің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Өзгерістерге сәйкес бюджет қаржысы негізінен медициналық нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталмақ. Сонымен бірге салаларды цифрландыруға, ІТ бағытында мамандар даярлауға көңіл бөлініп, саябақтарды абаттандыру, экопарктер құруға, туризм инфрақұрылымын жақсартуға және басқа да маңызды салаларға ден қойылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






