Талдықорғанда Жетісу облысының тумасы, қаланың құрметті азаматы, қазақ журналистикасының көрнекті тұлғасы Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық журналистер арасындағы шағын футболдан турнир өтті. Бұл дода Бейсен Құранбектің рухына құрмет көрсету, спортқа қызығушылықты арттыру және достықты насихаттау мақсатында бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






