Құрметті оқырмандар, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің қызметі көпқырлы, сонымен қатар – жауапты.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтердің сан алуан түрлерін көрсетеді, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін (шағымдарын) қарайды және оларға жауап береді, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреттер шегінде мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың және басқа да бақылау субъектілерінің қаржылық қызметіне аудиторлық тексерулер жүргізіледі және тағы басқалар. Бұл ретте мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, келбеті мен этикалық нормалары маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарда қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзуды алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ өз функцияларының шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін Әдеп жөніндегі уәкілдер бар.
Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде (бұдан әрі – Департамент) Әдеп жөніндегі уәкіл функциялары маған, Қуаныш Мұсаұлы Сағымбаевқа – Департамент басшысының орынбасарына жүктелген. 18 жылдан астам мемлекеттік қызмет өтілім бар, сол себепті бар тәжірибемді өзімнің әріптестеріммен, әсіресе еңбек жолын мемлекеттік қызметшіден бастап келе жатқан қызметкерлермен бөлісу қажет деп санаймын.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде ҚР нормативтік актілерді, көбінесе «ҚР мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарын, Әдеп кодексін, сондай-ақ, 2015 жылғы 29 желтоқсанда Президенттің Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы қағиданы басшылыққа алады.
Осыған байланысты, біз әртүрлі семинар, дөңгелек үстел, дәріс сияқты іс-шараларды тиісті мемлекеттік органдарды шақырумен өткіземіз, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті орган өткізетін іс-шараларға қатысамыз, интернет парақшаларында мақалалар мен басылымдар жарияланады, азаматтар мен заңды тұлғалардың қабылдауы жүзеге асырылады, мониторинг, қызметкерлер арасында сауалнамалар және т.б. жүргізіледі.
Әдеп жөніндегі уәкіл – өз функционалдық міндеттерін орындаудан басқа ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша шараларды қабылдайтын мемлекеттік қызметші болып табылады. Осылайша, біздің ұжым музей, театр және басқа да тарихи және мәдени маңызды жерлерге барады, әртүрлі тренингтер жүргізеді, мемлекеттік ішкі аудит қызметі туралы бейнероликтер түсіреді, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартатын және ұжымдық рух беретін спорттық іс-шараларды, экологиялық және қайырымдылық акцияларын өткізеді.
Шындығында әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі өте алуан, себебі бірінші кезекте әдеп нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, азаматтардың өтініштерін жан-жақты және сапалы қарау, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізуге, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға және т.б. бағытталған.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкіл жас мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдағы жұмыс жағдайларына бейімделуіне ықпал етеді, егер ұжым ішіндегі әріптестер жұмыс бейінін өзгерткен жағдайда, сондай-ақ қолдау мен кеңестер қажет. Бұл жерде департамент қызметкерлерінен тұратын тәлімгерлер кеңесі ерекше рөл атқарады, олар өз әріптесіне қажетті көмек көрсететіні сөзсіз.
Мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасы мәселелері бойынша мына мекенжайға жүгінуге болады: Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 26 ғимарат, 211 кабинет, телефон: 8 7282 32-94-18
Қ. Сағымбаев
Жетісу облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің
Әдеп жөніндегі уәкілі