Ел экономикасының негізгі тірегі – кәсіпкерлік. Аталмыш саланың өрісі кеңейсе, мемлекет те өркендейді деген сөз. Бірақ бизнеске көлеңке түсіріп жүргендер де бар. Кейбір мемлекеттік құзырлы органдар әлі де кәсіпкерлікке кері әсерін тигізіп отыр. Бұл жайында Жетісу өңіріндегі бизнес әлеуетін ілгерілендіру мақсатында өткен екінші “Бизнесті қорғау” форумында айтылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.