Қазақстанда энергетика саласына 15000, ауыл шаруашылығына 3000, гидроинженерлік салаға 900 білікті маман жетіспейді. Көпшілік жалақысы аз болса да ақ жейде киіп, қара креслода отыруды ғана абырой санайтын сияқты. Жалпы біздің қоғам, ұл-қызының қай салаға қызыққанын қалайды? Президент келер жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Мәселе мұнымен шешіле ме?
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.