
Фильм туралы қысқаша ақпарат
Бұл туынды ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қаза тапқан бес миллиондай қазақтың рухына арналады. Мұхтар Мағауиннің әңгімесінің желісі бойынша түсірілді.
«Бір уыс бидай» – бір отбасы трагедиясы арқылы тұтас ұлт қасіретін көрсетуді мақсат етеді. Шығармашыл ұжым нәубет жылдардағы қазақ халқының басындағы қасіретті шынайы жеткізген.