Биыл көптен күткен Алматы – Өскемен тас жолы толықтай қолданысқа беріледі. Аталған күре жолдың 313 шақырымы Жетісу облысының аумағынан өтеді. ҚазАвтоЖол өкілдерінің айтуынша жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Тіпті жол бойындағы санитариялық заманауи нысандар да ел игіліне беріледі. Өңірге іссапармен келген сенат және мәжіліс депутаттары атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.