Еліміз емен-жарқын думандата алмады. Десе де, “Жетісу” арнасы көгілдір экранның ар жағындағы көрерменге таңнан кешке дейін тамаша көңіл күй сыйлады. Тәулігіне 3 рет, 9 сағат тікелей қосылып, ҰЛЫС КҮНІН ҰЛЫҚТАДЫ. Тек, Жетісу ғана емес рухани астана Түркістаннан бастап, Атырау, Өскемен, Ақтөбе өңірлерімен байланыс орнатып, мерекелік хабар алмасты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.