2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатының бос қалдықтары биыл жұмсалмақ. Ол өңірдің маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық қажеттіліктеріне бағытталатын болады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды. Отырыс барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп тыңдалып, экономикалық өсуді одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.