Жаңа мектептің құрылысы демеушілердің арқасында қолға алынады. Алматы облысында кәсіпкерлер мен қор басшыларының қолдауымен тағы бір білім ордасы бой көтермек. Бүгін Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептің іргетасы қаланды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен демеушілер, сондай-ақ білім басқармасының өкілдері арнайы қатысты. Біздің түсірілім тобымыз да жаңа мектептің жобасымен танысып, құрылыс жоспарын көріп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.