Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында парламенттік тыңдау өтті. Жиында халықтың кредит алуын төмендету және қаржылық сауатын арттыру, лудомания, киберқылмыс, интернет-алаяқтықтың әсерінен азаматтардың кредит алуы, сондай-ақ қаржы ұйымдарының пайдасына қарыздарды өндіріп алу бойынша жеке сот орындаушыларының жұмыс тәжірибесі туралы қабылданатын шаралар талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.