Жетісу өңіріне Қазақстан Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің делегациясы келді. Комитет мүшелері облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесті. Жиын барысында аймақтағы құқықтық тәртіпті сақтаудың өзекті мәселелері, құқық қолданудың тиімділігі мен заңнамалық өзгерістер жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.