Бүгін ең үздік жетісулық тауар өндірушілері анықталды. Дәстүрлі “Қазақстанның үздік тауары” байқауының өңірлік кезеңі өтті. Оза шыққандарды аймақ басшысы Бейбіт Исабаев пен облысқа іс-сапармен келген Парламент депутаттары марапаттады. Үздік тауарлар көрмесін аралап, өңірдегі өндіріс әлеуетімен танысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.