Алматы облысының бір топ жастары Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төс белгісі мен «Батыр шапағаты» медальімен марапатталды. Түрлі салада еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жүрген жалынды жас буынға құрмет «Мен жастарға сенемін» форумы аясында көрсетілді. Шараға Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова да арнайы қатысты. Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдері де келіп, жастарға білген-түйгендерін айтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.