Сәт сапар, жас түлек! Бүгін “Соңғы қоңырау” соғылып, еліміз бойынша 150 мыңнан аса қыз-жігіт мектеп бітірді. Олардың 18 мыңға жуығы – Жетісулық. Түлектердің 1521-і “Алтын белгіден”, 1055-і үздік аттестаттан үміткер. Аймақта 860 мектеп, 428 мың оқушы бар. 300 оқушыға дейінгі контингенті бар 690 білім шаңырағында “Соңғы қоңырау” санитарлық талаптарға сай, салтанатты жағдайда өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.