Еліміз Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуді мақсат етіп отыр. Бүгін Үкімет отырысында Қорғас халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына қатысты Қытаймен жасалған үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Ұсынылған түзетулер шекара маңы саудасын дамытып, өзара экономикалық байланыстарды кеңейтуге жол ашпақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






