Биыл елімізде 1 млннан аса отбасы жаңа баспанамен қамтылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысында айтылды. Ақпарға сәйкес, 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Биыл 143 мыңнан астам пәтер құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл тұрғыда былтыр 130 мың отбасы баспана жағдайын жақсартыпты. Жоспар асыра орындалған өңірлердің ішінде Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысы бар. Бүгінде 600 мыңнан астам жанұя тұрғын үйге мұқтаж жандардың есебінде тұр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.