Елімізде қылмыстық саясат өзгерді. Мәселен, тек жазалау емес, алдын алу принциптері күшеюде. Қауіпті емес қылмыстар үшін – жаза азайды. Ал, ауыр қылмыстарға керісінше балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жаза күшейтілді. Соңғы 3 жылда республикадағы қылмыс 2 есеге азайды. Бұл құқық қорғау органдары мен қоғам бірлесіп атқарған жұмыстың жемісі. Бұл туралы Жетісу облысына іссапармен келіп, талдықорғандықтармен кездескен ҚР Бас прокуроры айтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.