Жаз енді басталды. Ал елімізде суға кеткен адам саны артып келеді. Бес күн ішінде 17 адам суға кеткен. Қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға рұқсат етілмеген жерде болыпты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Әлихан Смайылов республикада жыл сайын 300-ге жуық адам суға кетіп, көз жұматынын айтты. Өкінішке қарай, олардың 100-ге жуығы бала екен. Үкімет басшысы бұл көрсеткіш тұрғындар қауіпсіздігіне байланысты қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр дейді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.