Елімізде жаңа орган Халық кеңесі құрылды. Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысында айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына оң баға беріп, бейбітшілік институтының өз жұмысын табысты аяқтағанын жеткізді. Сонымен қатар оның орнына Халық кеңесін құруды ұсынды. Кербұлақ ауданының тұрғындары құрылтайда көтерілген осы және өзгеде бастамаларды қолдайды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






