Еліміздегі қылмыстардың 25 пайызын жергілікті учаскелік инспекторлар ашады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде бұл мамандарға артылған жауапкершілік жүгі де ауыр. Оқиға орнына жедел жетіп, өзіне бекітілген аумақты бес саусағындай білетін де осы қызметкерлер. Әріптесім Еркебұлан Жақыбай бір күнін учаскелік полиция инспекторларына арнап, өзі де полиция формасын киіп, тәртіп сақшысы қызметін атқарып көрді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






