Енді елімізде «Тәрбие департаменті» жұмыс ІСТЕЙДІ. Бұл туралы бүгін Алматы облысына іс-сапармен келген ҚР Оқу – ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл департемент өз жұмысын 1 ай бұрын ғана бастаған. Мақсаты: ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Балаларға ар,ұят,намыс сезімдерін түсіндіру. Сонымен қатар, алдағы уақытта Алматы облысында тағы да 5 мектеп бой көтереді деді, Ғани Бектайұлы. Айта кетейік, құрылыс жұмыстарына қаражат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар негізінде мемлекетке қайтарылған қаржыдан бөлінбек.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






