Алматы облысында дәрі бағасы қатаң бақылауда. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен “Жетісу адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің мамандары Ескелді ауданының дәріханаларына мониторинг жүргізді. Дәрі-дәрмек тапшылығын мен бағасын өсіруге жол бермеуін тексерді. Айта кету керек, Қарабұлақ ауылындағы кейбір дәріханада бірқатар дәрі-дәрмек тапшылығы анықталды. Сатылымда жоқ препараттың барлығын комиссия мүшелер өздеріне түртіп алды. Дегенмен, кәсіпкерлердің айтуынша жақын күндері аудандағы дәріханаларға тиісті дәрі-дәрмектер жеткізіледі. Оған қоса дәріханаларда қажетті дәрілердің аналогтары жеткілікті. Сондай-ақ, мониторинг топ мүшелері дәріханаларда QR кодтың бар-жоқтығы тексерді. Бұл кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар барлық дәрінің бағасын біле алады. Егер дәрілер шекті бағадан қымбат сатылса, дереу құзырлы органдар көмегіне жүгіне алады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.