Алматы облысында 20-дан аса ауылдық округі, 500-ге тарта көше атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген. Оның басым бөлігі Қонаев қаласы мен Іле ауданында орналасқан. Қазіргі таңда Тілдерді дамыту басқармасы өкілдері ономастика саласындағы мәселелерді түбегейлі жоюға күш салып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






