Халыққа орман салғаның, өзіңе қорған салғаның! Қазан айының үшінші жексенбісі елімізде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Бұл орайда, «Іле – Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында еңбек ететін білікті де жауапты мамандар аса маңызды жұмысты атқарып жүргені сөзсіз. Бүгінде ұжымда орман қорғаушы мамандығын ата кәсіпке айналдырған, саналы ғұмырын осы салаға арнаған Мүлкібеков Болатбек Әбенұлының еңбегі бір төбе.