Халық өзі сайлаған әкім. Кербұлақ ауданы әкімінің сайлауында басым дауыс жинаған Жанат Жүнісбеков жеңіске жеткені мәлім. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ауданға арнайы барып қайтты. Аудан әкімін жауапты қызыметімен құттықтады. Жергілікті активпен кездесіп, Күреңбел өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты міндеттер жүктеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






