Іле ауданында келер айда 1500 орындық мектеп қолданысқа беріледі. Мұнымен қоса, 6 мыңға жуық үй кезегінде тұрған тұрғындар үшін 72 пәтерлі үш тұрғын үй салынып жатыр. Ауданда котеджді қалашық та бой көтеріп жатыр. Жаңа нысандардың құрылыс барысымен Алматы облысының әкімі аймаққа жұмыс сапарында танысты. Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев өңірдегі кәсіпкерлермен кездесіп, өндіріс орындарының тыныс-тіршілігін көріп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.