“Қазақстанда жасалған”брендімен шығарылатын өнім өндірісін одан әрі ұлғайту керек. Ол үшін экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қолдау қажет. Бұл туралы бүгін Алматы облысының 6 айдағы әлеуметтік – экономикалық даму мәселелері жөніндегі жиында айтылды. Облыс әкімі сондай-ақ инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыстарды атап өтті. Бүгінде өңірде өз бизнес – жобасын дамытқысы келетін бірнеше ірі компания бар. Алайда, істі бастауға инфрақұрылым жоқ. Ұйымдастыру кемшін.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






