Инвестиция – тұрақты даму кепілі. Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жолдауындағы алғашқы бағыты қомақты инвестиция тарту мәселесі болды. Оның ішінде өңдеу және өндіру саласына бет бұруға шақырды. Жалпы, бұл бойынша Жетісу облысында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл 90 млрд теңгеге жуық 50-ден аса жоба жоспарланып отыр. Қазір оларды іске асыру ісі қарқынды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.