Инвесторлар Жетісу өңірінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қызығушылық танытып отыр. Швейцариялық корпорация құрамына кіретін “Харвест Агро Холдинг” компаниясының өкілдері облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесіп, агро-индустриялық бастамаларымен таныстырды. Басқосу барысында серіктестік аймақтың табиғи-климаттық және логистикалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жөнінде ұсыныс жасады.. Майбұршақ, жүгері және жоңышқа өсіруді қолға алуға ниетті екенін де білдірді. Осыған байланысты аталған дақылдарды егу үшін қажетті көлемде жер телімін бөліп беру мәселесін көтерді. Бейбіт Исабаев ауыл шаруашылығы аймақ экономикасының жетекші салаларының бірі екенін атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






