Аймақ тұрғындарының назарына! “Жетісу Энерготрейд” ЖШС-і 2023 жылдың 1-ақпанынан бастап, электр қуатының бөлшек сату шекті бағасы көтерілетінін хабарлайды. Тариф өсуіне электр қуатын өндіру мен энергия транзиті құнының көтерілуі негіз. Әрі, компания қызметкерлерінің жалақысын көтеру қажеттілігі бар. Осы ретте аталған мекеме 2022 жылдың, 19 желтоқсанында табиғи монополияларды реттеу комитетіне электр энергиясының шекті бағасын көтеру туралы хабарлама жіберген болатын.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






