Жыл сайын Үкіметтен гранттар бөлініп, түрлі жобалар іске асуда. Қазір олар еліміздің экономикасын дамытуға үлесін қосып жатыр. Сондай-ақ, биыл елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс істеп жатыр. Бұл жоба Алматы облысында сәтті іске асырылуда. Айта кетейік, республикамыздағы экономикалық белсенді халқының 48%-ға жуығы қазақстандық әйелдер үлесінде.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






