Туған жерге туыңды тік! Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында ақ түйенің қарны жарылды. Есімін ел құрметтейтін қайрымды кәсіпкер Темірлан Шайнүсіпов бұл жолы жеті бірдей отбасына баспана кілтін табыс етті. Игі іс бұл ғана емес.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.