Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр. ҚР Қарулы күштерінің қатарын Алматы облысынан тағы 50-ге жуық сарбаз толықтырады. Өңір аймақтарынан жиылған азаматтарды Қонаевтан шығарып салды. Салтанатты шараға Қорғаныс істері Департаменті және Қонаев гарнизонының бастықтары, әскери полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері, сонымен қатар мен ата-аналар қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.