Жетісу облысының туризм индустриясында кәсібін дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлер облыс әкімімен кездесті. Тараптар конструктивті диалог орнатып, өңірдің туристік әлеуетін өркендету төңірегінде әдемі әңгіме өрбітті. Кәсіпкерлер бүгінгі таңдағы мүмкіндіктерін паш етті, мәселелерін де тізбекке тізіп берді. Шешу жолдарын Бейбіт Исабаев бірге қарастыруға сенім білдірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.