Кеген ауданында құны 4,5 млрд теңге болатын аймақтағы ең ірі ет комбинаты салынып жатыр. Желтоқсан айында іске қосылса, күніне 25 тоннаға дейін ет өңдеуге қауқарлы кәсіпорын болады. Мұнымен қоса, ауылдағы 100-ден аса тұрғын екі қолға бір күрек тауып, жұмыспен қамтылады. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған арнайы сапар кезінде мәлім болды. Шара барысында журналистерге аймақтағы құрылыс, туризм, жол саласындағы мәселелер таныстырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.