Кегендегі Қара шатқалға ұзындығы 170 метрлік әйнек көпір салынады. Оған қоса сол маңдағы 5 гектар аумақта сәулетті қонақ үйлер мен мейрамханалар еңсе тіктеп, шатырлар қалашығы пайда болады. Сөйтіп өңірдің эко-туризм әлеуеті тың деңгейге көтерілмек. Әрі Тасащыда күніне 50 бас ірі қара соятын «Кеген» ет комбинаты өз жұмысын бастамақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.